«Үздік электрондық оқу-әдістемелік кешен» облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 20 мамырдағы №359 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 24-25 қазан күндері «Үздік электрондық оқу-әдістемелік кешен» облыстық информатика пәні мұғалімдерінің байқауы өткізілді.

Байқауға жалпы орта білім беретін мектептер мен колледждер бойынша барлығы 20 информатика пәні мұғалімі қатысты.

Қазылар алқасы электрондық оқу-әдістемелік кешендерді бағалау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданылуына, кешеннің интерактивтілігіне, автордың өз үлесі мен қосымша материалдарды қолдануына аса назар аударды.

Жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын – Теректі ауданы Х.Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Тұрсынова Жадыра Берікқызы және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжінің мұғалімі Құдабаева Гүлдана Қадырбекқызы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің мұғалімі Сараева Гүлмира Ганмирханқызы және Теректі колледжінің мұғалімі Рахымгалиев Тимур Шынболатұлы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Бөрлі ауданы Григорьев мектеп-балабақша кешенінің мұғалімі Есенбаева Гүлнара Тойшыбайқызы және Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің  мұғалімдері  Ахметова Альбина Хамитқызы, Габдушева Жеміс Махамбетқызы (диплом және бағалы сыйлық);

Номинацияға ие болғандар:
«Нәтижелі әдістемелік кешен» - Казталов ауданы Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.М.Сатканова;
«Шебер техникалық шешім» - Ақжайық ауданы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі А.Г.Маужигитова және Орал гуманитарлық колледжінің мұғалімдері А.Р.Шоныраева, А.У.Тлеушова;
«Бейінді әдістемелік кешен» - Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Ш.Мурзагалиева.

1 2

1 2

3 4

5 6

7 8

9 10

11 12

13

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2