Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің төртінші аусымының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдерін Паскаль бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2016 жылдың 3-7 қазан аралығында бес күндік информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің төртінші ауысымы өткізілді.

«Зерде» мектебіне әр аудан (қала) бойынша бір информатика пәні мұғалімі қатысты, барлығы 13 адам. Жалпы бес күндік мектеп жұмысында мұғалімдерге деңгей бойынша олимпиада есептері қарастырылды. Ақжайық ауданының М.Әуезов атындағы ОЖББМ информатика пәні мұғалімі Д.Н.Сарсенгалиева, Зеленов ауданының Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Г.Б.Кадырбаева курсты қорытындылау мақсатында коучинг сабақ өткізді.

«Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің курсы аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды. Паскаль бағдарламалау тілі курсын бітірген мұғалімдерге аудан көлемінде семинарлар өткізу ұсынылды.

1 2

3 4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2