«Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару» он-лайн сабағының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2016 жылдың 29 қыркүйек  күні информатика пәні бойынша 8 сынып оқушыларына «Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару» тақырыбында он-лайн сабақ өткізілді. Он-лайн сабақты Теректі ауданы Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының информатика пәні мұғалімі Н.Е.Кереева өткізді.

Сабақ басында мұғалім оқушылармен шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айту арқылы амандасты. «Санау жүйесі» әдісімен оқушыларды екі топқа бөлді. Сабақ барысында фронталды сұрақ-жауап, топтық, жеке, дәптермен, тақтамен жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылар сабақ үрдісінде белсенділік көрсетіп, сабақ мақсатына жетті.

Сабақ соңында қатысушылар Н.Е.Керееваға алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1

2

3

4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2