«Нормативті құжаттарды рәсімдеу» облыстық жас мұғалімдерге арналған әдістемелік он-лайн семинар-консультацияның қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу мақсатында 2016 жылдың 28 қыркүйек күні он-лайн режимінде информатика пәні бойынша жас мұғалімдерге «Нормативті құжаттарды рәсімдеу» тақырыбында әдістемелік семинар-консультация өткізілді.

Семинар-консультация барысында өз іс-тәжірибелерімен Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің бірінші санатты информатика пәнінің мұғалімі Г.Г.Сараева «Тақырыптық – күнтізбелік, сабақ жоспарларының құрылымын жасау», Ақжайық ауданы Қ.Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.С.Сабиров «Сынып журналын, факультатив және үйірме сабақтары журналын рәсімдеу талаптарымен танысу», Зеленов ауданы Достық ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі О.Б.Адиева «Сабақ үрдісінде оқушылар қызметін ұйымдастыру жолдары» тақырыптарында ой бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

1

2

3

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2