Облыстық «Эрудит» он-лайн байқаудың қорытындысы туралы


Оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытуға, ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін қолдану іскерлігін дамыту және жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қарым-қатынас ортасын қалыптастыру мақсатында білім басқармасының 2016 жылғы 5 сәуірдегі  №206 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған облыстық «Эрудит» он-лайн байқауы өткізілді.

Байқауға 10 аудан және 1 қала мектептерінен 11 команда қатысты. Байқау www.1.sabak.kz сайтының "zko" бөлмесінде он-лайн режимінде «Ширату», «Тарихи тұлғалар», «Жасырын сұрақтар» және «Ребусты шеш» айналымдары бойынша өткізілді.

Байқаудың жеңімпаздары:
I орын - Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 ЖОББМ командасы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Зеленов ауданының Қ.Аманжолов атындағы ЖОББМ «Қасым қырандары» (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Бөкей ордасы ауданының М.С.Бабажанов атындағы ЖОББМ «Ұлағат» командасы (диплом және бағалы сыйлық).

Номинация:
«Үздік тарихтанушылар» - Орал қаласының №30 ЖОББМ «Жас алаш» командасы (грамота);
«Озық ойлы тапқырлар» - Сырым ауданының Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ «Жерұйық» командасы (грамота).

b1b2

1

2

3

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2