XI облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінің қорытындысы туралы


Облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 14 наурыздағы №152 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Орал қаласының №47 ЖОББМ базасында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында XI облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі өткізілді.

Турнирге Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының мектептері, №11 С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат-кешені, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебі және М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының оқушыларынан құралған 16 команда қатысты.

Турнир 5 тур бойынша өткізілді:
1. «Информатика А-дан Я-ға дейін» - информатика теориясы бойынша тестілеу;
2. «Есеп бізге сөз емес, артта қалар біз емес» - логикалық есептер шешу. Есептеу жүйелері.
3. «Блок-сызбадан бағдарламаға дейін» - алгоритмдеу және бағдарламалау;
4. «Үй салу бізге қиын ба? Жүйелік блокты жиыңдар» - компьютер құрамы бойынша білімдерін тексеру.
5. «Дарынды бала – дарабоз бала» - шығармашылық жұмыс.

Жалпы командалық сайыстың жеңімпаздары:
I орын - Орал қаласының құрама командасы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Бөрлі  ауданы Ақсай қаласының №5 ЖОББМ командасы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің командасы (диплом және бағалы сыйлық).

Жалпы жеке сайыстың жеңімпаздары:
I орын - Орал қаласы №35 мектеп-лицейінің оқушысы Осиновсков Илья (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 ЖОББМ оқушысы Абугалиев Адильхан (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Орал қаласы №42 "Ақ ниет" мектеп-гимназиясының оқушысы Султанов Рамазан (диплом және бағалы сыйлық).  

Номинациялар:
«Информатика А-дан Я-ға дейін» - Зеленов ауданы Зеленов ЖОББМ оқушысы Байсариева Гульжан және Орал қаласы №46 ЖОББМ оқушысы Карабалина Алина (грамота);
«Есеп бізге сөз емес, артта қалар біз емес» - Сырым ауданы Бұлдырты ЖОББМ оқушысы Бақытов Ернияз, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 ЖОББМ оқушысы Темирбулатов Арман, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушысы Адильбеков Абилхан және М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының оқушысы Байғазиев Асылбек (грамота);
«Үй салу бізге қиын ба? Жүйелік блокты жиыңдар» - Теректі ауданы лингвистикалық  гимназиясының оқушысы Тулегенов Айдар және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушысы  Алманов Шахназар (грамота).
«Дарынды бала – дарабоз бала» - Ақжайық, Жаңақала және Казталов аудандарының командалары (грамота).

b1 b2

1

2

3

4

5

6

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2