«Заманауи мұғалім: кәсіби қызметтегі өзгерістердің бағыттары» аймақтық әдістемелік семинарының қорытындысы


Облыстық білім сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдері арасында тәжірибе алмасу, оқыту - практикалық сабақтар арқылы әдістемелік көмек көрсету және кәсіби байланысты нығайту мақсатында 2016 жылдың 27 сәуір күні Зеленов ауданының Асан ЖОББМ базасында «Заманауи мұғалім: кәсіби қызметтегі өзгерістердің бағыттары» тақырыбында аймақтық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Теректі, Бөрлі, Сырым, Қаратөбе, Шыңғырлау, Зеленов аудандары мен Орал қаласы мектептерінің информатика пәні мұғалімдері және аудандық білім беру бөлімдерінің информатика пәні әдіскерлері қатысты. Барлығы 33 адам қамтылды.

Семинар үш бөлімнен тұрды: ашық сабақтар, коучинг және оқу-практикалық бөлім.

Семинардың салтанатты түрде ашылуынан кейін ашық сабақтар ұсынылды. Өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа форматта ашық сабақтар берген Белес ЖОББМБ мұғалімі Ж.А.Изтелеуова, Володар ЖОББМ мұғалімі Н.С.Галиева, Зеленов ЖОББМ мұғалімі А.К.Жумагулов,  Егіндібұлақ ЖОББМ мұғалімі А.С.Сайбалиева болды. Семинардың екінші коучинг бөлімін «Жаңашыл ұстаз - заман талабы» тақырыбында ой-пікір алмасу сағатымен (коучинг) Өркен ЖОББМ информатика пәні мұғалімі А.Е.Кабиева жалғастырды. Семинардың оқу-практикалық бөлімінде Асан ЖОББМ мұғалімі Б.И.Жангирова «Macromedia Flash  бағдарламасында анимация жасау мүмкіндіктері» тақырыбында,  Зеленов ЖОББМ мұғалімі Е.К.Зайцева «Activ Inspire-дің  технологиялық әдістері»  тақырыбында шеберлік сынып сабақтарын өткізді.

Семинар қатысушылардың көнілінен шығып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2