«Жолдық шамалар» он-лайн сабақтың қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету және іс-тәжірибе алмасу мақсатында 2016 жылдың 25 сәуір күні Бөрлі ауданының Ақсай қаласы №1 мектеп-балабақша кешенінің информатика пәні мұғалімі Мухамбетова Айгуль Амангельдиевна 9-сынып оқушыларына «Жолдық шамалар» тақырыбында он-лайн ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар үш топта жұмыстанды. Айгуль Амангельдиевна үй тапсырмасын тексеру барысында кроссворд шешу және сыни тұрғыдан ойлау технологиясының синквейн әдісін тиімді қолданды. Жаңа тақырыпты презентация арқылы түсіндіріп, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді.

Сабақ соңында әріптестері Айгуль Амангельдиевнаға алғыстарын білдірді және еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

1

2

3

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2