Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің екінші аусымының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдерін Паскаль бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2016 жылдың 28 наурыз бен 1 сәуір аралығында облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің екінші ауысымы өткізілді.

«Зерде» мектебіне әр аудан (қала) бойынша бір информатика пәні мұғалімі қатысты, барлығы 12 адам. Бірінші күні мұғалімдердің деңгейлерін анықтау мақсатында тест жұмысы өткізілді. Жалпы бес күндік мектеп жұмысында «Паскальдағы графика»,  «Координаттар бойынша суреттерді жасау», «Символдық мәлімет», «Жиын» және «Кіретін және шығатын файлдар» тақырыптары бойынша әртүрлі бағытта есептер шығарылды.

Келесі ауысымға мұғалімдерге тапсырмалар берілді.

1

2

3

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2