«Мұғалім жетістігі шеберлігінде» облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 25 қаңтардағы №41 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15-16 наурыз күндері «Мұғалім жетістігі шеберлігінде» атты облыстық жас информатика пәні мұғалімдерінің байқауы өткізілді.

Байқауға барлығы 12 жас информатика пәні мұғалімі қатысты. Байқау үш бөлімді қамтыды: ашық сабақ, электрондық тест және шығармашылық есеп. Байқаудың бірінші бөлімі Орал қаласының Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицей базасында, қалған екі бөлімі облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығында өткізілді.

Жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын – Теректі ауд. Х.Есенжанов атындағы ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Турсинова Жадыра Берковна (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Орал қаласы №41 жаратылыстану математика бағытындағы мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Қожахметова Ляззат Асылбекқызы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Жәнібек ауд. Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Мендешов Мершат Салауатович (диплом және бағалы сыйлық);

Номинацияға ие болғандар:
«Зерделі ұстаз» - Жаңақала ауд. Карманов ЖОББМБ мұғалімі Есенова Гулмира Айболатовна;
«Ізденімпаз ұстаз» - Бөрлі ауд. Аксай қаласы №4 ЖОББМ мұғалімі Сайлаубаева Акгул Галымжановна;  
«Талапты ұстаз» - Зеленов ауд. Батурин ЖОББМ мұғалімі Жасуланова Көркем Жасталаповна

1 1

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2