«Оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды қолдану» облыстық жас мұғалімдерге арналған әдістемелік он-лайн семинардың қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2016 жылдың 27 қаңтар күні он-лайн режимінде информатика пәні бойынша жас мұғалімдерге «Оқу үрдісінде электрондық оқулықтарды қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

Семинар барысында Ақжайық ауданының Тайпақ ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Мулдашева Айнагул Әлібекқызы «Macromedia Flash ортасында электрондық оқу құралын жасау», Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Изотова Светлана Николаевна «HTML тілінде электрондық оқулық құру. Free Pascal тілінде бағдарламалау» (7 сынып) тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Он-лайн семинарға қатысушылар электрондық оқулықты жасақтау әдістері, электрондық оқулық жасақтау үшін бағдарлама таңдау, сабақ үрдісінде электрондық оқулықты қолдану тәсілдері, оқушы және мұғалім үшін тиімділігі туралы толық ақпарат алды.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

1

2

3

4

5

6

7

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2