Облыстық бағдарламашылар мектебінің екінші кезеңінің қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, олимпиадалық есептерді шешуде Free Pascal, ABC Pascal бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, мұғалімдер мен оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында 2015 жылдың 2-6 қарашасы аралығында «Бағдарламашылар мектебі» курсының  ІІ кезеңі өткізілді. Курс жұмысына Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жәнібек, Сырым,  Тасқала аудандары мен Орал қаласынан 12 оқушы, 8 мұғалім қатысты.

Мектеп жұмысы барысында геометриялық есептер, жолдық шамалар, ұзын арифметика, динамикалық бағдарламалау тақырыптарына есептер қарастырылды.

Мектеп жұмысына барлық қатысушылар белсенділікпен қатысып, олимпиада есептеріне қызығушылық танытты. Тасқала ауданының қатысушылары бірінші күні алдын-ала дайындалған барлық есептерді шешуімен бірден ерекше көзге түсті. Орал қаласы №21 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Н.Г.Роберг берілген есептерді басқа әдістермен шығарып, жақсы нәтиже көрсетті.

«Бағдарламашылар мектебі» курсының барлық қатысушыларын қысқы үшінші кезеңде күтеміз.

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2