Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің төртіншіауысымының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдерін Паскаль бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2015 жылдың 2-6 қарашасы аралығында облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің төртінші ауысымы өткізілді.

Мектеп жұмысына барлығы 12 адам қатысты. Мектептің алғашқы күні қатысушыларға жалпы үш аусымда өткен тақырыптар бойынша тест жұмысы өткізілді. Орташа көрсеткіш - 80%.Мектептің төртінші ауысымында информатика пәні бойынша деңгейлік тапсырмалар беріліп, олимпиада есептері қарастырылды. Теректі ауданы, Подстепный ҚЖОББМ информатика пәні мұғалімі Усаева Светлана Тархиповна Паскаль бағдарламалау тілі бойынша білімдерін қорытындылау мақсатында коучинг сабақ өткізді.

Барлық қатысушыларға орталықтың атынан қатысушы сертификаты табыс етілді.

1

2

3

4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2