«Үздік интернет-ресурс» облыстық байқауының қорытындысы туралы


Облыстың білім беру ұйымдарының үздік интернет-ресурстарының жұмыс тәжірибелерін анықтау, қолдау және тарату, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, сондай-ақ, сайттар жасау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында білім басқармасының 2015 жылғы 23 сәуірдегі №257 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 5 қараша күні «Үздік интернет-ресурс» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқауға барлығы 10 мектептің, яғни, Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жәнібек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе аудандарының және Орал қаласының мектеп сайттары ұсынылды.  

Сайттарды бағалау барысында интерактивтілігіне, ақпараттылығына, сауаттылығына және безендірілуіне назар аударылды.

Байқаудың жеңімпаздары:
I орын - Орал қаласының №35 мектеп-лицейі (диплом және бағалы сыйлық), (http://www.licey35.kz);
II орын - Ақжайық ауданының Тайпақ мектеп-гимназиясы (диплом және бағалы сыйлық), (http://taipakokushy.ucoz.net);
III орын - Бөкей ордасы ауданының М.Мәметова атындағы ЖОББМ (диплом және бағалы сыйлық), (http://mektep-mametova.kz).

Номинация:
«Үздік әдістемелік сайт» - Ақжайық ауданының М.Әуезов атындағы ЖОББМ (грамота).

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2