«Туған өлке» атты облыстық байқаудың қорытындысы туралы


Оқушыларды Қазақстан мәдениеті мен тарихы туралы қосымша ақпараттық материалдармен таныстыру және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен интерактивтік құрылғылардың мүмкіндіктерін тиімді қолдану іскерлігін дамыту мақсатында білім басқармасының 2015 жылғы 17 қыркүйектегі №607 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 22 қазанында «Туған өлке» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Облыстық кезеңге қатысуға 12 аудан және 1 қала мектептерінен 13 команда сұраныстарын жібергенімен, Жәнібек ауданының Т.Жароков атындағы ЖОББМ және Бөкей ордасы ауданының А.Құсайынов атындағы ЖОББМ командалары техникалық ақауларға байланысты байқауға қатыса алмады. Байқау «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны форматында он-лайн режимінде 3 айналым бойынша өткізілді. Олар: «Тарихи тұлғалар», «Тарихи даталар...», «Бейнесұрақ» айналымдары.

Байқаудың жеңімпаздары:
I орын - Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №6 ЖОББМ командасы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын -  Сырым ауданының Бұлан ЖОББМБ командасы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев атындағы ЖОББМ (диплом және бағалы сыйлық).

Номинация:
«Білгірлер» - Ақжайық ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясы командасы (грамота).

b1 b2

1

2

3

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2