Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған облыстық мультимедиалық жобалар байқауы


Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, балаларды Қазақ хандығының құрылу жылдарында орын алған тарихи оқиғаларды зерделеуге талпындыру,  мультимедиалық жобалар байқауына қатысу дағдыларын жетілдіру мақсатында 2015 жылдың 17 қыркүйегі мен 22 қазаны аралығында облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған облыстық мультимедиалық жобалар байқауы өткізіледі.

Байқау екі кезең бойынша өткізіледі:
- І кезең аудандық (қалалық)
2015 жылғы 17 қыркүйек - 12 қазан аралығында өтеді. І-кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері II-кезеңге қатысуға сұраныстарын жолдайды (әр ауданнан, облыстық мектептерден және Орал қаласынан бір командадан).
- ІI кезең (облыстық) ағымдағы жылдың 22 қазанында Орал қаласы, С.Есқалиев көшесі, 72 үй мекен-жайы бойынша сырттай өтеді.

1

Ережені жүктеу (қаз)

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2