«Білім беруді ақпараттандыруды дамытудың тұжырымдамалық негізі педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру факторларының бірі ретінде» тақырыбында информатика пәні бойынша облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысының қорытындысы


Информатика пәні бойынша өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды қорытындылау, сараптама жасау және жаңа оқу жылына бағыт – бағдар беру, білім беру жүйесін дамытудың басты бағыттарын айқындау мақсатында 2015 жылдың 5 тамыз күні Орал қаласының №10 жалпы орта білім  беретін мектебі базасында информатика пәні бойынша «Білім беруді ақпараттандыруды дамытудың  тұжырымдамалық негізі педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру факторларының бірі ретінде» облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өткізілді.

Секция жұмысына аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, информатика пәні бойынша «Зерде» мектебіне қатысушы информатика пәні мұғалімдері, барлығы – 35 адам қатысты.

Секция отырысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде №8 ОДБАММ информатика пәні мұғалімдері Е.В.Полулях және С.К.Мурзагалиева «Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде информатиканы оқытудағы педагогикалық тәсілдер» тақырыбында өткізген коучингте сабақ үрдісінде белсенді оқыту, бағалау, ынтымақтастық, практика және зерттеу тәсілдері талқыланды. Екінші бөлімде коучинг барысында талқыланған әдіс-тәсілдерді А.Оразбаева атындағы ЖОББМ мұғалімі Н.А.Хайрушев, Қ.Байсықов атындағы ЖОББМ мұғалімі Б.С.Сабиров, Ш.Жексенбаев атындағы ЖОББМ мұғалімі Ш.М.Байғуатова, №6 ЖОББМ мұғалімі Т.Н.Горбунова және Қалдығайты ЖОББМ мұғалімі Н.М.Жубаниязова өз іс-тәжірибелерімен бөлісу барысында аша түсті.

Секция жұмысын қорытындылай келе жаңа 2015-2016 оқу жылына ұсыныстар қабылданды.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2