Облыстық бағдарламашылар мектебінің қорытындысы

There are no translations available.

Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, сонымен қатар олимпиадалық есептерді шешуде Free Pascal, ABC Pascal бағдарламалау тілдерін қолдана отырып, мұғалімдер мен оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында 2015 жылдың 15 - 19 маусымы аралығында «Бағдарламашылар мектебі» курсының  I кезеңі өткізілді. Курс жұмысына әр аудан мен қаладан 1 информатика пәні мұғалімінен және 9-11 сыныптан 2 оқушыдан қатысты.  
Алғашқы күні мұғалімдер мен оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында бақылау жұмысы жүргізілді. Келесі күндері қарапайым есептер (сызықтық және тармақталған алгоритм – шартты оперторлар), циклдер,  бір өлшемді және екі өлшемді массивтер, деректерді енгізу және шығару үшін файлдар ұйымдастыру тақырыптары бойынша есептер қаралды. 
Жұмыс барысында жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар: Байбулов Арсен – Тасқала ауданының "Сәулет" МЛ, Куспаков Амадей – Орал қаласының №21 ЖОББМ, Комиссаренко Илья - Орал қаласының №3 ЖОББМ; мұғалімдер: Сараева Гүлмира Ганмирханқызы (Тасқала ауданының "Сәулет" МЛ); Завьялова Анна Викторовна (Орал қаласының №3 ЖОББМ); Қуанышева Ғалия Қуанышқызы (Сырым ауданының Бұлдырты ЖОББМ).
 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2