«Мұғалім жетістігі шеберлігінде» облыстық байқауының қорытындысы

Облыстық білім басқармасының 2015 жылғы 17 сәуірдегі №234 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 мамыр күні «Мұғалім жетістігі шеберлігінде» атты облыстық информатика пәні мұғалімдерінің байқауы өткізілді.

Байқауға барлығы 14 информатика пәні мұғалімі қатысты. Қатысушылар портфолио, бір сабақтың бейнежазбасын және «Менің білім берудегі бастамам» атты педагогикалық жобасын қорғады.

Жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын – Казталов ауданы Тереңкөл ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Какимова Жанар Сырымовна (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Қаратөбе ауданы Қоскөл ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Асралиева Арайлым Бақтыбаевна (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Тасқала ауданы Совхоз ЖОББМБ информатика пәні мұғалімі Муратова Нургуль Аскаровна (диплом және бағалы сыйлық);

Номинацияға ие болғандар:
«Зерттеуші ұстаз» номинациясы  - Шыңғырлау ауданы Тасмола ЖОББМ мұғалімі М.Ж.Баймұхан;
«Зерделі ұстаз» - Сырым ауданы Бұлан ЖОББМ мұғалімі Ш.Л.Ажгалиева;
«Жаңашыл ұстаз» - Бөрлі ауданы Қызылтал ЖОББМ мұғалімі С.Е.Ерзақова;  
«Ізденімпаз ұстаз» - Теректі ауданы Ақсуат ЖОББМ мұғалімі Р.С.Маноли;
«Шығармашыл ұстаз» - Орал қаласы С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАМОҚМИК мұғалімі Б.М.Қапышева
«Талапты ұстаз» - Орал қаласы № 44 ЖОББМ мұғалімі Г.У.Кабекенова.

 

b1 1

1

 

2

 

3

 

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2