Информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің екінші аусымының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес,информатика пәні мұғалімдеріне Паскаль бағдарламалау тілінде есептер шығаруға дағдыландыру мақсатында 2015 жылдың 28-30 сәуір аралығында үш күндік информатика пәні бойынша облыстық «Зерде» озат тәжірибе алмасу мектебінің екінші ауысымы өткізілді. «Зерде» мектебіне әр аудан (қала) бойынша бір информатика пәні мұғалімі қатысты, барлығы 13 адам. Бірінші күні мұғалімдердің деңгейлерін анықтау мақсатында тест жұмысы өткізілді. Жалпы үш күндік мектеп жұмысында «Жиым. Бір өлшемді жиым», «Екі өлшемді жиым» тақырыптары бойынша әртүрлі бағытта есептер шығарылды.

Топтық жұмысты қолдану арқылы информатика сабақтарында жаңаша оқуды жетілдіру мақсатында Қаратөбе ауданы Қалдығайты ЖОББМ І санатты мұғалімі Жұбаниязова Нұргул Мәлікқызы «Процедура және функция» тақырыбында жоғары дәрежеде коучинг сабақ өткізді. Келесі ауысымға мұғалімдерге үй тапсырмасы берілді.

1

2

3

4

5

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2