X облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирінің қорытындысы туралы

Облыстық білім басқармасының 2015 жылғы 17 наурыздағы №160 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың  28 - 29 сәуірі аралығында «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында X облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі өткізілді.
Турнирге Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының мектептері, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектеп және М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының   командалары қатысты.

Турнир 6 тур бойынша өткізілді:
1.    «Информатика А-дан Я-ға дейін» - информатика теориясы бойынша тестілеу;
2.    «Есеп бізге сөз емес, артта қалар біз емес» - логикалық есептер шешу. Есептеу жүйелері.
3.    «Блок-сызбадан бағдарламаға дейін» - алгоритмдеу және бағдарламалау;
4.    «Үй салу бізге қиын ба? Жүйелік блокты жиыңдар» - компьютер құрамы бойынша білімдерін тексеру.
5.    Game-әлем.
6.    «Дарынды бала – дарабоз бала» - шығармашылық жұмыс.

Жалпы командалық сайыстың жеңімпаздары:
I орын - Орал қаласының "АДА" құрама командасы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Бөрлі  ауданы Ақсай қаласының "Flash" құрама командасы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын -  Тасқала ауданы "Сәулет" мектеп - лицейінің "Flesh" командасы (диплом және бағалы сыйлық).

Жалпы жеке сайыстың жеңімпаздары:
I орын - Орал қаласы №35 мектеп-лицейінің оқушысы Лобанов Дмитрий (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Тасқала ауданы "Сәулет" мектеп - лицейінің оқушысы Байбулов Арсен (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Орал қаласы №21 ЖОББМ оқушысы Куспаков Амадей (дипломдар және бағалы сыйлықтар). 

Номинациялар:
«Информатика А-дан Я-ға дейін» - Бөрлі ауданы Ақсай каласының  №5 ЖОББМ оқушысы Кабулов Тамерлан, Зеленов ауданы Зеленов ЖОББМ оқушысы Жунусова Даниля және Сырым ауданы Бұлдырты ЖОББМ оқушысы Бахытов Ернияз (грамота);
«Есеп бізге сөз емес, артта қалар біз емес» - облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушысы Макеев Даниил және Бөрлі ауданы Ақсай каласының №4 ЖОББМ оқушысы Койшугулов Тимерғали (грамота);
«Блок-сызбадан бағдарламаға дейін» - Сырым ауданы Жырақұдық ЖОББМ оқушысы Есетов Әсет (грамота);
«Үй салу бізге қиын ба? Жүйелік блокты жиыңдар» - Бөкей ордасы ауданы М.С.Бабажанов атындағы ЖОББМ оқушысы Кунакбаев Бекнұр (грамота);
«Дарынды бала – дарабоз бала» - Сырым ауданы "Интерфейс" құрама командасы, Шыңғырлау ауданы "InfoOlimp" және М.Өтемісов атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының "Жарқын болашақ" командалары (грамота).

12
 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2