«Замануи мұғалімнің АКТ құзыреттілігі» аймақтық әдістемелік семинарының қорытындысы


Облыстық білім сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдерін озық тәжірибелермен таныстыру,  көрсету арқылы тәжірибе алмасу, облыс мектептерінің мұғалімдерімен кәсіби байланысты нығайту және кеңейту мақсатында 2015 жылдың 22 сәуір күні Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Замануи мұғалімнің АКТ құзыреттілігі» тақырыбында аймақтық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинарға Орал қаласы, Шыңғырлау, Теректі, Бөрлі ауданы мектептерінің информатика пәні мұғалімдері және әдіскерлер қатысты.  

Семинарға қатысушылар екі топқа бөлініп практикалық жұмыс атқарды. І топқа Ақсай қаласы №3 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі И.Н.Ольховик «Prezi ортасында он-лайн презентация құру» тақырыбында практикалық жұмыс және Ақсай қаласы №5 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі С.Н.Изотова «HTML форматында электронды оқулықты құру» тақырыбында шебер сынып өткізді.

ІІ топқа Бөрлі ауданы Березов МБК-нің информатика пәні мұғалімі Н.А.Калиева «Мобильді қосымшаны құру» тақырыбында практикалық жұмыс және Ақсай қаласы №3 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі  М.Н.Мухамбеткалиева шебер сынып өткізді.

Аталған семинар қатысушылардың көнілінен шығып, алғыстарын білдірді.

1

2

3

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2