«Паскаль бағдарламалау тілі» облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2015 жылғы 6 наурыздағы №132 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 - 27 наурызы аралығында «Паскаль бағдарламалау тілі» облыстық қашықтық олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға барлығы 61 информатика пәні мұғалімі қатысты. Қатысушылар бірінші кезеңде test.ciso.kz сайтында Паскаль бағдарламалау тілі бойынша тест сұрақтарына жауап беріп, екінші кезеңде pascal.ciso.kz сайтында Паскаль бағдарламалау тілінде есептерді бағдарламалады.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

I орын – Жәнібек ауданы Т.Жароков атындағы ЖОББМ-нің мұғалімі Шапағатова Олеся Шапағатқызы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Ақжайық ауданы Тайпақ ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Мулдашева Айнагүл Әлібекқызы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Орал қаласы С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАМОҚМИК-нің мұғалімі Капышева Бекзада Мәлікқызы (диплом және бағалы сыйлық);

Алғыс хатқа ие болғандар:
- Жаңақала ауданы №3 ЖОББМ-нің мұғалімі Н.Е.Беккалиев;
- Ақжайық ауданы О.Исаев атындағы ЖОББМ-нің мұғалімі Н.М.Есбулатов;
- Бөрлі ауданы Бөрлі ЖОББМ-нің мұғалімі А.А.Байниязов;
- Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы Шилі ЖОББМ-нің мұғалімі Ж.Ж.Ибраемова;
- Орал қаласы ОДБАММИ-ның мұғалімі А.К.Хайруллина;
- Орал қаласы №1 ЖОББМ-нің мұғалімі А.Қ.Давлеткалиева;
- Орал қаласы №6 ЖОББМ-нің мұғалімі А.Ю.Матушкин;
- Орал қаласы №19 ЖОББМ-нің мұғалімі А.Б.Жиенгалиева;
- Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 МГ-ның мұғалімі А.Ф.Тулеуова;
- Орал қаласы №40 ЖОББМ-нің мұғалімі С.А.Ергалиев;
- Орал қаласы №43 ЖОББМ-нің мұғалімі Г.Б.Неткалиева.

b1 b2

1

2

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2