«Microsoft Excel-де формулалармен жұмыс» облыстық жас мұғалімдерге арналған әдістемелік он-лайн семинар-консультацияның қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2015 жылдың 18 наурыз  күні информатика пәні бойынша жас мұғалімдерге «MS Excel-де формулалармен жұмыс» тақырыбында он-лайн режимінде әдістемелік семинар-консультация өткізілді.

Семинар-консультация басында «Microsoft Excel-де формулалармен жұмыс» тақырыбына баяндама оқылды. Семинар барысында №30 ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Айбек Салықұлы Кенешов өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, Excel бағдарламасында қолданылатын стандартты функциялар, негізгі функциялар, формулаларда пайдаланылатын операторлар (амалдар), логикалық функцияларға толықтай тоқталып айтып өтті.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2