«Қазіргі заманғы информатика сабағы»жас мұғалімдерге арналған облыстық әдістемелік cеминарының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2015 жылдың 18 ақпан  күні информатика пәні бойынша жас мұғалімдерге «Қазіргі заманғы информатика сабағы» тақырыбында он-лайн әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда 8 сынып оқушыларына «Модель жасаудың негізгі кезеңдері» тақырыбындасабақ өткізілді.

Аталған сабақты үш мұғалім өткізді.Үй тапсырмасын тексеру барысында Орал қаласы №34 МГ-ның информатика пәні мұғалімі Р.Т.Қадыржанова тест, «Сұрақ-жауап», «Сәйкестендіру», «Полиглот» әдістерін,жаңа сабақ түсіндіру бөлімінде Шыңғырлау ауданы Л.Қылышов атындағы Шилі ЖОББМ–нің информатика пәні мұғалімі Ж.Ж.Ибраемова «Интеллект карта» әдісі, деңгейлеп оқыту технологиясын қолданса,сабақты бекіту бөлімінде  Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №1 МББК-нің информатика пәні мұғалімі У.Б.Умашева «Бинго кесте», «Радио қоңырау шалу», «5:5:1» (кері байланыс) әдістерін қолданды.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

1

2

3

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2