«Үздік оқу-әдістемелік кешен» облыстық байқауының қорытындысы


Облыстық білім басқармасының 2014 жылғы 27 тамызындағы №621 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі мен 25 қараша аралығында «Үздік оқу-әдістемелік кешен» облыстық байқауы өткізілді.

Байқауға Ақжайық -2, Бөрлі -1, Тасқала-2, Бөкейорда-1, Казталов-1, Теректі-2, Жаңақала-1, Сырым-2 аудандарынан 12 кешен, Орал қаласынан 1 кешен, барлығы 14 кешен ұсынылды.
Байқау ІІІ кезең бойынша өткізілді:
Бірінші кезең (дайындық) – 2014 жылғы 10 қыркүйек – 20 қазан аралығында;
Екінші кезең (аудандық/қалалық) – 2014 жылғы 21 қазан – 7 қараша аралығында;
Үшінші кезең (облыстық) – 25 қараша күні облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

I орын – Ақжайық ауданының Тайпақ МГ информатика пәні мұғалімі Умирзаков
Еркебулан Саматович (диплом және бағалы сыйлық);
II орын – Теректі аудандық білім беру бөлімінің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері Сарсенова Улдай Орнбасаровна, Ақсуат ЖОББМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі Сулейменова Роза Сериковна мен Жайық НББМ-нің орыс тілі пәні мұғалімі Каналиева Назым Ериковна (диплом және бағалы сыйлық);
III орын – Орал қаласы №44 ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Нурекешова Айгуль
Сагидуллиевна(диплом және бағалы сыйлық);

Номинациялар:
«Озық дидактикалық жадығаттар жинағы» Казталов ауданы А.Оразбаева атындағы ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі Н.А.Хайрушев (грамота);
«Үздік интерактивті кешен» Қаратөбе ауданы Қаратөбе МГ-ның физика пәні мұғалімі Ж.М.Жұмабаева (грамота);
«Шебер техникалық шешім» Бөрлі ауданы №5 ЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімі С.Н.Изотова (грамота);
«Сәтті дизайнды жұмыс» - Теректі ауданы Подстепный №1 ЖОББМ-нің математика пәні мұғалімі Ф.С.Неталиева (грамота);
«Ерекше шығармашылық еңбек» Тасқала ауданы C.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Г.Ибатова (грамота);

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2