«E-learning электрондық оқыту жүйесінің білім беру ұйымдарында қолданылуы» тақырыбындағы семинар қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында 2014 жылдың 24 қараша күні Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының базасында «E-learning» электрондық оқыту жүйесінің білім беру ұйымдарында қолданылуы» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар өтті.

Аталған семинарға информатика пәні мұғалімдері, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, ақпараттандыру орталығының әдіскерлері қатысты. Барлығы 38 адам.
Семинарда «Visual Basic ортасында миникалькулятор жобасын құру», «Тармақталу операторы» тақырыптарында ашық сабақтар, ана тілі, биология, ағылшын тілі, математика пәндерінен сабақ үрдісінде электрондық оқыту жүйесінің қолданылуын көрсету мақсатында панорамалық сабақтар, «Озық ойлы оқушы» тақырыбында 5 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен интеллектуалдық турнир ұйымдастырды.
Семинарға қатысушыларға «Macromedia Flash бағдарламасы құралдарын қолданып, тестілеу бағдарламасын жасау» тақырыбында шебер сынып өткізілді.
Сонымен қатар, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ маманы Е.Нигметов Adobe Connet бағдарламасын қолдану мүмкіндіктері туралы әңгімеледі.
Семинарда өз іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдер: С.Шайхиева, А.Төлеуова, Т.Батырова, Ж.Ташмухамбетова, Г.Исмагулова, Б.Бекенова, Р.Қадырниязова, А.Базаргалиева.
Семинар соңында әріптестер №34 мектеп-гимназиясының ұжымына алғыстарын білдіріп, өз пікірлерімен, ойларымен бөлісіп, бір-біріне шығармашылық табыс тіледі.

 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2