«Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер» тақырыбындағы он-лайн сабақ қорытындысы


Облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сай, информатика пәні мұғалімдерінің біліктіліктерін көтеру, әдістемелік көмек көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2014 жылдың 14 қараша күні «Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер» тақырыбында 8 сынып оқушыларына арналған он-лайн сабақ  ұйымдастырылды.

Сабақты Ақжайық ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Доскалиева Арайлым Темірғалиқызы өткізді.Сабақ басында оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне сәттілік тіледі. Оқушылар сабақ барысында кесте толтырып, деңгейлік тапсырмаларды орындап, топпен жұмыстанды. Сабақ жаңа форматта өткізілді.

Сабақ соңында әріптестері Арайлым Темірғалиқызына алғыстарын білдіріп, еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2