«Үздік интернет-ресурс» облыстық байқауының қорытындысы туралы


Облыстың білім беру ұйымдарының үздік интернет-ресурстарының жұмыс тәжірибелерін анықтау, қолдау және тарату, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, сондай-ақ, сайттар жасау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында білім басқармасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №241 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 5 қараша күні «Үздік интернет-ресурс» облыстық байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқауға барлығы 15 мектептің, яғни, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Зеленов, Казталов, Тасқала, Теректі аудандарының, Орал қаласының мектептерінің және С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 қазақ мектеп-интернат-кешенінің сайттары ұсынылды.  

Бөкей ордасы, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарынан байқауға қатысуға сұраныс түскен жоқ.

Байқаудың жеңімпаздары:
I орын - С.Сейфуллин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 қазақ мектеп-интернат-кешені (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Орал қаласының А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Казталов ауданының Бірік ЖОББМ (диплом және бағалы сыйлық).

Номинациялар:
«Үздік ақпараттық сайт» - Ақжайық ауданының Тайпақ мектеп-гимназиясы (грамота);
«Тарихы мол сайт» - Бөрлі ауданының №3 ЖОББМ  (грамота).

b

1

2

3

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2