«Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» облыстық әдістемелік семинарының қорытындысы


Облыстық білім сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, білім беруде инновациялық әдістерді қолдануға дағдыландыру, информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу, облыс  мектептерінің мұғалімдерімен кәсіби байланысты нығайту және кеңейту мақсатында «Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар Теректі ауданының Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылды.

Семинарды Теректі ауданы білім беру бөлімінің басшысы С.Д.Чукурова ашып, семинардың өткізілу мақсатын атап өтіп, семинар жұмысының мазмұнымен таныстырды.

Теректі ауданы Подстепный ҚЖОББМ-нің информатика пәні мұғалімдері С.Т. Усаева және Б.С.Айткалиева ашық сабақ беріп, А.У.Калымбетова сабақтан тыс шара көрсетсе, Теректі ауданы Подстепный ҚЖОББМ-нің мұғалімі Кубаева Ақлима Сапарғалиқызы және Теректі ауданы Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ мұғалімі Тулешова Самал Зинуллақызы семинарға қатысушыларға «Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында коучинг өткізді.

Аталған семинар қатысушылардың көнілінен шығып, алғыстарын білдірді.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2