«Өткенді еске алып, болашаққа беттейміз» облыстық мультимедиалық жобалар байқауының қорытындысы туралы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес өскелең ұрпақты ата-бабаларымыздың Ұлы Отан соғысы жылдарында отанымызды қорғаудағы ерліктері үшін мақтаныш сезімдеріне тәрбиелеу, ҰОС жылдарында орын алған тарихи оқиғаларды зерделеуге талпындыру, оқушылардың шығармашылық және зерттеу қабілеттерін ашу, ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға қабілетті оқушыларды қолдау және мультимедиалық жобалар байқауына қатысу дағдыларын жетілдіру мақсатында білім басқармасының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі №668 бұйрығына және облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 қазан күні «Өткенді еске алып, болашаққа беттейміз» атты мультимедиалық жобалар байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Облыстық кезеңге 15 мектептің  командалары қатысты. Олар: Ақжайық ауданының Бударин ЖОББМ, Бөкей ордасы ауданының М.Бегалиева атындағы ЖОББМ «Ақ көгершін», Бөрлі ауданының Григорьев мектеп-балабақша-кешені, Жаңақала ауданының Пятимар ЖОББМ, Жаңақала ауданының С.Меңдешев атындағы ЖОББМ, Жәнібек ауданының №1 ЖОББМ «Жасұлан», Зеленов ауданының Новень ЖОББМ «Матрица», Казталов ауданының Жаңажол ЖОББМ «Жас қыран», Қаратөбе ауданының Жамбыл ЖОББМ «Тағлым», Теректі ауданының Долин ЖОББМ, Тасқала ауданының Сәтпаев атындағы ЖОББМ, Тасқала ауданының Жақсығұлов атындағы ЖОББМ, Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев атындағы ЖОББМ, Орал қаласының №46 ЖОББМ және А.Тайманов атындағы №34 МГ командалары.

Байқаудың жеңімпаздары:
I орын - Жаңақала ауданының Пятимар ЖОББМ командасы (диплом және бағалы сыйлық);
II орын - Қаратөбе ауданының Жамбыл ЖОББМ «Тағлым» командасы (диплом және бағалы сыйлық);
III орын - Тасқала ауданының Сәтпаев атындағы ЖОББМ командасы (диплом және бағалы сыйлық).

Номинациялар:
«Бір ерліктің тарихы» - Бөрлі ауданының Григорьев мектеп-балабақша-кешені командасы (грамота);
«Үздік зерттеу жұмысы» - Орал қаласының А.Тайманов атындағы №34 мектеп - гимназиясы командасы (грамота);
«Үздік өзіндік ой» - Бөкей ордасы ауданының М.Бегалиева атындағы ЖОББМ «Ақ көгершін» командасы (грамота);
«Бала жадындағы соғыс» - Казталов ауданының Жаңажол ЖОББМ «Жас қыран» және Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев атындағы ЖОББМ командалары (грамота).

Қорытындыны жүктеу

Жаңақала ауданының Пятимар ЖОББМ командасының жұмысын жүктеу

b1 b2

1

2

3

4

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2