«Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары» облыстық жас мұғалімдерге арналған әдістемелік он-лайн семинарының қорытындысы


Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, іс-тәжірибе алмасу және шығармашылықпен жұмыстанатын педагогтарға қолдау көрсету мақсатында 2014 жылдың 15 қазан  күні информатика пәні бойынша жас мұғалімдерге «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары» тақырыбында он-лайн әдістемелік семинар өткізілді.

Он-лайн семинарда жаңа технологияның түрлерін атай келіп, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараевтың «Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясына» жеке тоқталды. Аталған технологияның төрт деңгейі туралы толық мәлімет беріп, мұғалімнің атқаратын рөлі, оқушыларға тиімділігін атап көрсетті. Сонымен қатар, информатика пәні бойынша А, В, С деңгейлік тапсырмаларды мысалға келтіріп, қолдану техникасын түсіндірді.

Өз іс-тәжірибесімен бөліскен ББҮҰӘҚ зертханасының әдіскері А.Қ.Берниязова.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.

1

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2