Он-лайн режимінде «Power Point бағдарламасының мүмкіндіктері» тақырыбындағы арнайы курс


Жылдық жоспарына сәйкес облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру орталығы 2014 жылдың сәуір-мамыр айларында Ақжайық ауданы мектептерінің 8-9 сынып оқушыларына он-лайн режимінде «Power Point бағдарламасының мүмкіндіктері» тақырыбына арнайы курс өткізеді.

Курстың мақсаты оқушыларға Power Point бағдарламасының кеңейтілген мүмкіндіктерін түсіндіру. Оқушыларды перезентациялар жасаудың негізгі ережелерімен, сондай-ақ презентацияларды рәсімдеу талаптарымен таныстыру. Бір бірін ауыстырып отыратын қарапайым слайдтардан күрделі, қанық түсті суреттерге және ашық мультимедиялық эффектілерге толы түрлі презентацияларды құруға үйрету.

Курс теориялық және практикалық дәрістерден тұрады.

Әрбір он-лайн сабақ өткізілгеннен кейін www.ciso.kz сайтында жүктеу мүмкіндігімен сабақтың видеосы ілінеді.

 

1-сабақ. «Кіріспе сабақ. Power Point программасын іске қосу. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру».

2-сабақ. «Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу. Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері. Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері».

3-сабақ. Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу. Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимдері. Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері.

4-сабақ. Презентацияларды безендіру мүмкіндіктері. Power Point программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру. Слайдтарды безендіру элементтері. Слайд белгіленуі.

5-сабақ. Слайд белгіленуі. Түрлі түстер схемасы. Фондық түстерді өзгерту. Құю тәсілдерін таңдау. Жеке слайдтарды безендіру. Фон үлгісін алып тастау.


4-сабақ бойынша сарамандық тапсырма

5-сабақ бойынша сарамандық тапсарма

 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2