Оқушылар арасындағы мультимедиялық жобалардың облыстық байқауы


        Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен 2010 жылдың 8 қарашасы мен 24 желтоқсаны аралығында оқушылар арасында «Мультимедиялық жобалардың облыстық байқауын» өткізеді.    

                                                                                                    ЕРЕЖЕНІ көшіріп алу 

 

БҚО білім басқармасының

2010 ж. «______» ___________

№ _________ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Оқушылар арасындағы мультимедиялық жобалардың

облыстық байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы бөлім

1.1. Мультимедиялық жобалардың облыстық байқауы (бұдан әрі - байқау) жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіледі.

1.2. Байқау Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының (бұдан әрі - Білім басқармасы), облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдаст (бұдан әрі - ОблОББСАО),  облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының (бұдан әрі – СӨС орталығы) қолдауымен өткізіледі.

1.3. Осы Ереже байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейді; оның қатысушыларына және байқауға ұсынылатын материалдарға талаптарды белгілейді; байқау материалдарын ұсыну тәртібін, оларды бағалау рәсімі мен критерийлерін реттейді; жеңімпаздар мен жүлдегерді анықтау тәртібі және оларды марапаттауды айқындайды.

2. Байқаудың мақсаты

2.1. Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруға көмектесу, сонымен қатар оқушылардың сапалы білімі, іскерлік пен дағдыларының тиімді қалыптасуына АКТ құралдары арқылы мультимедиялық материалды қызықты, визуалды, интерактивті және түсінікті етіп ұсыну.

         3. Байқаудың міндеттері

3.1. Оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу тәсілдерінің бірі ретінде балалар мен жасөспірімдердің мультимедиалық жобалар жасауын ұйымдастыру.

3.2. Есірткіге қарсы мультимедиалық жобалардың сапалы әзірлемелерінің банкін құру.

3.3. Білім беру үрдісінде қоғамда бейәлеуметтік құбылыстардың алдын алу бойынша АКТ қолданудың  инновациялық әдістемелерін көпшілікке тарату мен тиімді енгізуге жәрдемдесу.

3.4. АКТ қолдану тәжірибесімен тиімді алмасуға көмектесу.

3.5. Байқау қатысушылары мен қадағаушыларының  АКТ құзіретінің деңгейін арттыру.

3.6. Оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін әрі қарай дамыту.

4. Байқаудың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы  

4.1. Байқаудың ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) Білім басқармасы, ОблОББСАО өкілдерінен қалыптастырылады және байқаудың барлық қатысушылары жұмысын басқару мен үйлестіруді жүзеге асырады.

4.2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу үшін Интернетте алаң ұсынады.

4.3. Ұйымдастыру комитеті байқау жобаларын қарастыру үшін сараптамалық комиссия құрады және Білім басқармасы бастығының бұйрығымен бекітеді.

5. Байқауға қатысушылар

5.1. Байқауға жеке қатысушылар да, шығармашылық ұжымдар да (оқушылар және олардың жетекшілері-кеңесшілері) қатыса алады. Әр ауданнан үздік 2 жоба, қалалық мектептерден үздік 6 жоба, әр облыстық мектептен үздік 1 жоба, кәсіптік лицейлерден үздік 3 жоба. Жобаны қорғау уақыты 7 минут.

·      Ұжымдық әзірлемелер шығармашылық ұжымдармен ұсынылады, оның құрамына 9-11 сынып оқушылары, сонымен қатар педагогтар мен ата-аналар кіре алады. Шығармашылық ұжымның саны - 2-ден 5 адамға дейін.

·      Егер шығармашылық ұжым байқауға қатысса, онда бір жетекші-кеңесші болу керек.

·      Шығармашылық ұжым бір білім ұйымын ұсына алады.

·      Жеке қатысушылар немесе шығармашылық ұжымдар бір номинацияда бір жұмыстан көп емес  ұсына алады.

6. Байқауды өткізу кезеңдері мен мерзімдері

6.1. Байқау 2010 жылдың 8 қарашасы мен 24 желтоқсаны аралығында өткізіледі.

Бірінші кезең (аудандық/қалалық) – 2010 жылдың 8 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында;

Екінші кезең  (облыстық) – 2010 жылдың 9 - 24 желтоқсаны аралығында өткізіледі.

 

 

7. Байқау мазмұны

7.1. Байқау мазмұны болып құрылымы мен мазмұнына оқу-әдістемелік материалының көрнекілігін, оның интерактивтілігін және жалпы білім беретін мектептердің бастауыш және орта сынып оқушыларына түсініктілігін қамтамасыз ететін мультимедия компоненттері міндетті түрде енгізілген салауатты өмір салтын насихаттау  және нашақорлықтың алдын алу бойынша мектептен тыс әзірлемелер (жобалар) болып табылады.

7.2. Мультимедиа компоненттер келесі номинация бойынша ұсынылады:

·      үш өлшемді және екі өлшемді анимация  және модельдеу (бұдан әрі - жан бітірім, шығыс материалдарымен ғана жұмыс жобалары қарастырылады);

·      аудио және бейне материалдар (бұдан әрі - компьютерлік фильмдер);

·      электрондық көрмелер (Power Point, Flash), шығыс материалдарымен  ғана жұмыс жобалары қарастырылады;

·      визуальды бағдарламалау (бұдан әрі - бағдарламалау, шығыс материалдарымен  ғана жұмыс жобалары қарастырылады);

·      Web-әрлендірме, Web-бағдарламалау (бұдан әрі - Web-жоба, шығыс материалдарымен ғана жұмыс жобалары қарастырылады).

7.3. Байқау материалына:

- жобаның атауы;

- жобаның мақсаты және оның өзектілігі;

- жобаның мазмұны;

- идея, үзіндінің дербестігі (немесе алып пайдалану);

- ақпараттың дерекнамасы (қолданылатын әдебиет, Интернеттегі мекен-жайлар);

- қолданылатын бағдарламалық өнімдер;

- нысан бойынша байқауға өтінім (1-қосымша) ену керек.

7.4. Интерактивтік тақталар үшін дайындалған материалдар, интерактивтік тақталардың бағдарламалық жасақтамасы пішімінде байқауға қабылданбайды.

7.5. Байқау әзірлемелер авторлық болу керек, байқаудың жеке қатысушысымен немесе шығармашылық ұжыммен әзірленген болу керек.

Медиа және мультимедиа әзірлеме, үшінші дерекнамадан алынған (Интернет, CD-дискілер және т.б.), авторы болып табылмайтындар байқауға қабылданбайды. Әзірлеменің (жобаның) элементтері ресурстардың үзінділері үшінші дерекнамадан (Интернет, CD-дискілер және т.б.) бола алады.

8.Байқау жұмысына қойылатын талаптар

8.1. Барлық байқау материалдары электрондық түрде ұсынылады.

8.2. MS Word-та дайындалған материалдардың пішімі (мәтіндік әзірлеме): бет пішімі: А4, барлық жолақтар 1,5 см көп емес. Мәтіндік материал – қаріп 14, Times New Roman, түсіқара, бір жол аралығы; тақырыптардың аты жуан қаріппен болу керек (қаріп өлшемі 14, Times New Roman, түсіқара) немесе «Тақырып аты пішімделген. Файлдың көлемі 10 бетке дейін –мультимедиа қосымшаның көлемінсіз.

8.3. Жоба міндетті түрде мультимедиа компоненттері енгізу қажет, келесі пішімде орындалған: doc, xls, pdf, ppt, html, jpg, gif, flash, swf, avi, mp3, mp4, mpeg4, exe.

8.4. Байқауға ұсынылатын материалдарда:

·      үшінші тұлғалардың авторлық құқығын бұзатын ақпарат;

·      фактографикалық қателер мен әдепке жатпайтын компоненттер;

·      тура немесе жанама жыныстық және нәсілдік кемсітуге, ұлтаралық және дінаралық араздыққа шақыратын,  зорлыққа, лаңкестікке шақыратын, демократиялық бостандық пен құндылықтарды, сонымен қатар азаматтардың құқығын бұзатын ақпарат болмауы керек.

8.5. Байқау материалдары жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, байқау ұйымдастырушылары материал авторларын ол жайында ескертпей, байқаудан материалдарды алып тастау құқығын өздеріне қалдырады.

9. Байқауға қатысу үшін тіркелу және материалдарды орналастыру

9.1. Байқаудың облыстық кезеңіне өтініштерді қабылдау 2010 жылдың 9-15 желтоқсаны аралығында жүргізіледі.

9.2. Байқау қатысушысы (жеке қатысушы немесе шығармашылық ұжым)  ОблОББСАО-ның Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript   электрондық поштасы бойынша байқауға қатысуға ресми өтініш беруі қажет.

9.3. Байқау материалдары Интернет желісіндегі www.ciso.kz сайтында «Мультимедиялық жобалардың байқау материалдары» бөлімінде ұсынылады. Байқау материалдары ресми сайтқа бір рет орналастырылады. Орналастырылған байқау материалдарын аяқтау, түзету және оларды редакциялауға рұқсат етілмейді.

9.4. Байқауға жеке қатысушы/шығармашылық ұжымның жетекшісі ресми өтініш бергеннен кейін  өзінің байқау материалына түсініктеме жазбасымен бірге Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй мекен-жайы бойынша 104 кабинетке өздігінен әкелуі қажет.

9.5. Электрондық пошта немесе күнделікті поштамен жіберілген байқау материалдары қабылданбайды.

9.6. Байқаудың ұйымдастыру комитеті  талаптарға сәйкес емес, қажетті пішімде рәсімделмеген немесе көрсетілген уақыттан кеш берілген байқау өтініштері мен материалдарын қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

10. Байқау материалдарын бағалау өлшемдері және рәсімдеу

10.1. Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері мен әдістемесі Сараптамалық комиссиямен анықталып, бекітіледі.

10.2. Сарапшылармен бағаланады:

·      жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының өзектілігі;

·      материалдың мазмұны жоба мақсатына сәйкестігі;

·      жобаны жасауға шығармашылық тіл табу;

·      жалпы білім беретін мектептің бастауыш және орта сыныптардың оқушылары үшін материалдың қол жетілімділігі;

·      АКТ саласында оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдылары;

·      идеялардың, үзінділердің дербестігі (немесе алып пайдалану);

·      қолданылатын бағдарламалық өнімдер.

10.3. Байқау жұмыстарын бағалау

·      Сарапшылармен жобаның бағалау картасын толтыру арқылы жүргізіледі. Бағалар он балдық шкала (бағалаудың әр элементі үшін жеке тіл табу) бойынша  қойылады.

·      Сараптамалық комиссияның қорытындысы байқау материалының бағалау картасын толтыру түрінде рәсімделеді, оның ішіне бағалау өлшемдері бойынша баллдар және барлық өлшемдер бойынша орташа балл, осы материал бойынша сарапшылардың түсініктемесі кіреді.

10.4. Байқау нәтижелері қатысушыға сәйкес бағыт бойынша жиынтық кестесінде сарапшылардың қойған баллдарының орташа арифметикалық жиынтығы арқылы анықталады және сарапшылардың жабық талқылауында бекітіледі.

10.5. Бағыттар бойынша сараптамалық комиссияға кіретін сарапшылар байқауға өз материалдарын: қатысушы ретінде (жеке немесе шығармашылық ұжым құрамында) жіберуге құқы жоқ.

10.6. Сараптамалық комиссияның мүшелері өздері жұмыс істейтін мектептердің байқау материалдарын сараптауына жұмылдырылмайды. Бұл принципті сақтау үшін сараптамалық комиссияның төрағасы жауапты.

11. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау

11.1. Ағымдағы жылдың 14-21 желтоқсаны аралығында барлық номинациялар бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін сараптамалық комиссия байқау материалдарын қарайды.

11.2. Сараптамалық комиссияға ұсынылған сараптамалық қорытындылар негізінде әрбір номинация бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықталады. Сараптамалық комиссияның төрағасы байқау материалдарын бағалаудың соңғы қорытындысын ұйымдастыру комитетіне береді.

 11.3. Сараптамалық комиссияға ұсынылған сараптамалық қорытындылар негізінде Байқаудың ұйымдастыру комитеті барлық номинациялар бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы соңғы шешім қабылдайды.

11.4. Ең көп балл алған материалдардың авторлары байқаудың жеңімпазы болады.

11.5. Қорытынды балдар дәл келген жағдайда, ондай материалдар қайта қарастырылады. Қорытынды баллдар дәл келгенде ұйымдастырушылар мен сараптамалық комиссияның төрағасының шешімі бойынша жүлделі орындар екі есе болуы мүмкін (екі бірінші, екі екінші және екі үшінші орын).

11.6. Байқау қорытындысы бойынша апелляция қабылданбайды.

12. Байқау қорытындылары бойынша марапаттау

12.1. Байқау қорытындылары бойынша үш жүлделі орындар (I, II, III) және жеңімпаздардың үштігіне енбеген 5 шығармашылық ұжымның үздік жұмысы анықталады. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен қосымша жүлделер де қарастырылуы мүмкін. Жүлделі орындар шығармашылық ұжымдарға, сонымен қатар жеке қатысушыларға да беріледі.

12.2. Барлық бағыттар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі, сонымен қатар шығармашылық ұжымдардың бес ең маңызды жұмыстары Білім басқармасы мен ОблОББСАО сайттарына орналастырылады.

12.3. 2010 жылдың 24 желтоқсанында байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады, сонымен бірге олардың білім беру ұйымының атына алғыс хат беріледі.

12.4. Ұйымдастыру комитеті Сараптамалық комиссияның шешімі бойынша байқау жүлдегерлерінің тізіміне енбеген, қызықты жұмыстар ұсынған қатысушы-шығармашылық ұжымдар үшін «Алғыс хат» жариялайды.

12.5. Әр номинацияда 5 байқау материалы бар шығармашылық ұжымдар алғыс хаттармен мадақталады.

 

Қосымша ақпарат

Барлық сұрақтар Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript электрондық мекен-жайы немесе +7(7112)26-04-64 телефоны бойынша қабылданады.

Барлық ақпаратты ОблОББСАО-ның www.ciso.kz сайтынан таба аласыз.

 

 

 

 

 


БҚО білім басқармасының

2010 ж. «______» ___________

№ _________ бұйрығына

3-қосымша




Бекітемін:

Мектеп директоры

(мектеп атауы)

Аты-жөні ____________

Қолы ___________

Күні____________

 

 

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында нашақорлықтың

алдын алу бойынша мультимедиалық жобаның облыстық байқауына

өтінім

 

 

Жобаның атауы

 

Номинация

 

Авторлық

 

Өңір

 

 

Мектеп

 

 

Сынып

 

 

Жоба жетекшісінің

аты-жөні

 

 

Телефондар 

 

 

Электрондық мекен-жай

 

 

 

(Қатысушылар мен жобалардың тізімі қатаң түрде номинациялар бойынша)


 

 

 

     

     

 

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2