«Үздік веб-сайт 2010» - қашықтық «Интернет марафоны»


Облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдары, балалар үйлері, кәсіптік лицейлер және мұғалімдер мен оқушылар арасында «Үздік веб-сайт 2010» - қашықтық «Интернет марафонын» өткізеді. Байқау интернет-ресурстарды дамыту, ақпараттық-техникалық сауаттылықты арттыру, қатысушылардың шығармашылық қызметтерін жандандыруға ықпал етуге бағытталған. Байқауға интернетте дербес сайттары тіркелген жалпы орта білім беретін мектептер, балалар үйлері, кәсіптік лицейлер, оқушылар мен ұстаздар қатыса алады. Байқаудың тақырыбына тікелей қатысы жоқ сайттар Интернет-марафонға қатыстырылмайды. Байқауға қатысушылар 20 қазанға дейін www.ciso.kz сайтының «Іс-шаралар/Интернет-марафон» бөлімінде он-лайн режимінде тіркелуі қажет(білім беру мекемесінің атынан сайтты құрастырушы немесе жеке сайты бар ұстаз, оқушының Ф.А.Ә).
 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2