«Информатика пәні бойынша үздік оқу - әдістемелік кешені» облыстық байқауының қорытындысы туралы мәлімет


Облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 22 ақпандағы №119 бұйрығына және облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2010 жылғы 15 наурыз бен 10 сәуір аралығында  «Информатика пәні бойынша үздік оқу - әдістемелік кешені» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға облыс аудандарынан және Орал қаласынан 13 информатика пәні мұғалімі қатысты. Облыстық байқауға бес ауданның мұғалімдері (Зеленов, Қаратөбе, Казталов, Сырым және Бөкейорда аудандары) қатысқан жоқ.

Байқау қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі №239 бұйрығына сәйкес, I орын дипломымен және бағалы сыйлықпен (Samsung SMX-F33BP/XEK бейнекамерасы) Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Абубакирова Розалия Зинаттуллақызы; II орын дипломымен және бағалы сыйлықпен (Canon PowerShot A480 фотоаппараты) Ақжайық ауданының Қ.Байсықов атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Сабиров Біржан Серікұлы; III орын дипломымен және бағалы сыйлықпен (Panasonic KX-TG 6411 телефоны) Орал қаласының №44 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Нұрмұханова Гүлзухра Аманжолқызы марапатталды.

Сонымен қатар байқауда белсенділік танытқан мұғалімдерге номинациялар берілді. Мақтау қағазымен және бағалы сыйлықпен (Flash Disk USB2.0 2G) «Үздік дидактикалық және үлестірме материалдарды қолданушы» номинациясы бойынша Тасқала ауданының Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі В.В.Фролов, «Үздік ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданушы» номинациясы бойынша Бөрлі ауданының Ақбұлақ ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі А.К.Давлетниязова, «Үздік түрлі ақпараттық технологияларды қолданушы» номинациясы бойынша Жаңақала ауданының Д.Нүрпейсова атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Т.О.Бисенова, байқауға белсене қатысқаны үшін Жаңақала ауданы Кармановка ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі А.Қ. Сексенбаева және  Жәнібек ауданының Х.Халиуллина атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Г.Х.Вахитова марапатталды.

 

 

 

 

1 орын иегері - Шыңғырлау ауданының

Шыңғырлау ЖОББМ информатика

пәнінің мұғалімі Абубакирова Р.З.

 

 

 

 

 

 

 

 

2 орын иегері - Ақжайық  ауданының  Қ.Байсықов атындағы ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Сабиров Б.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 орын иегері - Орал қаласының №44 ЖОББМ

информатика пәнінің мұғалімі

Нұрмұханова Г.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Информатика пәні бойынша үздік оқу - әдістемелік кешені»

облыстық байқауының қатысушылары мен ұйымдастырушылары

 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Біздің жобалар

 
1
 
2