«Туған өлке» атты облыстық қашықтан оқыту байқауының қорытындысы туралы мәлімет


Интерактивтік құрылғыларды қолдану арқылы мұғалімдердің оқу-танымдық қызметтерін ынталандыру, насихаттау және гуманитарлық білімге қызығушылықтарын дамыту мақсатында облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2011 жылдың 30-31 мамыры күндері «Туған өлке» атты облыстық қашықтан оқыту байқауының облыстық кезеңі өткізілді. 
Байқауға Бөрлі ауданының №5 ЖОББМ, Бөкейорда ауданың Жәңгірхан атындағы ЖОББМ, Жаңақала ауданының Жаңақала ЖОББМ, Жәнібек ауданының Т.Жароков атындағы ЖОББМ, Зеленов ауданының Макаров ЖОББМ, Казталов ауданының А.Оразбаева атындағы ЖОББМ, Қаратөбе ауданының Мұхит атындағы ЖОББМ, Сырым ауданының Бұлдырты ЖОББМ, Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-гимназиясы, Теректі ауданының Шаған ЖОББМ, Шыңғырлау ауданының А.Тихоненко атындағы ЖОББМ, Орал қаласының №19 ЖОББМ және дарынды балаларға арналған №8 облыстық мектептен барлығы 13 команда қатысты.
Қазылар алқасының шешіміне орай I орын дипломымен және бағалы сыйлықпен (Samsung бейнекамерасы) Зеленов ауданының Макаров ЖОББМ командасы; II орын дипломымен және бағалы сыйлықпен (Samsung көпфункционалды құрылғысы) Орал қаласының №19 ЖОББМ командасы; III орын дипломымен және бағалы сыйлықпен (HP сканері) Бөрлі ауданының №5 ЖОББМ командасы марапатталды.
Грамотамен және бағалы сыйлықпен (Global және Canyon веб камералары) «Туған өлкесінің тарихын үздік білушілер» номинациясы бойынша Казталов ауданының А.Оразбаева атындағы ЖОББМ, «Таңдаулы дизайнерлік қабілеттілігі» номинациясы бойынша Жаңақала ауданының Жаңақала ЖОББМ, «Тапқырлар» номинациясы бойынша дарынды балаларға арналған №8 облыстық мектеп, «Таңдаулы бейнетаспа» номинациясы бойынша Бөкейорда ауданың Жәңгірхан атындағы ЖОББМ және «Жаңа технологияны үздік қолданушылар» номинациясы бойынша Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-гимназиясының командалары марапатталды. 
Байқауға белсене қатысқаны үшін грамотамен және бағалы сыйлықпен (Silicon Power және Transcend флеш-карталары) Жәнібек ауданының Т.Жароков атындағы ЖОББМ, Сырым ауданының Бұлдырты ЖОББМ, Теректі ауданының Шаған ЖОББМ, Қаратөбе ауданының Мұхит атындағы ЖОББМ және Шыңғырлау ауданының А.Тихоненко атындағы ЖОББМ командалары марапатталды
 
 
 

Kundelik.kz

 
1
 

Bilimland.kz

1
 

Наши проекты

 
1
 
2